
Сәлем достар, сіздермен бірге мен 8-топ демалушысы Сапар Зарина. Мен бұл мақаламда «Өз жұлдызыңды жақ» шығармашылық байқауы бойынша жазбақшымын. Байқаудың мақсаты: Балдәурендегі өнерлі жастардың өнерін ортаға салу еді. Жастардың өнерге деген қызығушылығын оятып, жан-жақты қабілетті, шығармашыл жастарды тәрбиелеу. Шығармашылық байқауға балалар бар күш жігерін салып, өздерінің өнерлі екендіктерін көрсете алды. Байқау әртүрлі жанрларда өтті.
- Жазушылар;
- Ақындар;
- Бишілер;
- Дебат;
- Мәнерлеп оқу;
- Аспазшылық;
- Қолөнер;
- Жайдарман;
- Вокаль;
- Болашақ жобасы;
- Конференция
Осы аталған жанрлар бойынша балаларға тек екі жанрды таңдауға мүмкіндік берілді. Байқау шарты бойынша тек 45 минут берілді. Берілген жұмыс уақытылы аяқталмаса қабылданбайды. Балалар әр түрлі жанрлар бойынша жарыстарға қатысып, өздерінің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екендіктерін көрсете алды. Арман аралы «Балдәурен» менің шабытыма шабыт қосып, қанаттандырады. Жазушылар бойынша жүлделі орынға ие болдым. Балдәурендегі әр күнім қызыққа толы. Мен бақытты баламын. Ұйымдастырушы-ұстаздарыма алғысым шексіз!


