
Сиқыр басталды! “Балдәурендегі” Жаңажылдық ертегі есігін ашты! ????
Балалардың күлкісі, әуезді әндер, жарқыраған көздер... Бұл – біздің “Жаңажылдық таңғажайыптар “Балдәуренде” республикалық жас таланттар фестивалі” атты ауысымымыздың ашылу салтанатынан көрініс!
Бүгін “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы нағыз өнер мен шабыт ордасына айналды. Біздің еліміздің ең дарынды, ең креативті жастары Жаңа жылдық сиқырға толы бірнеше күн өткізу үшін жиналды.
Ашылу салтанаты мен ауысымның басты қонағы - Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан келген халықтық “Балауса” би тобы.
Біз әрбір қатысушыға осы фестивальді өзінің ең жарқын сәтіне айналдыруға тілектеспіз. Осы ауысымда жаңа достар табылып, ұмытылмас әсерлерге бөленіп, өз таланттарын аша берсін.
“Балдәурен” – дарынды балалардың жұлдызы жанатын жер.
Бізбен бірге болыңызда, алда әлі көптеген қызықты сәттер бар.








