
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Түркістан филиалында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған “BALA BOOK” оқырмандар жобасы өз бастауын алды. Жоба ұйымдастырушылары - білім кешені мен ғылыми-әдістемелік кешен.
2026 жылдың І ауысымында балалар күн сайын 08:50–09:10 аралығында 20 минут бойы Меһди Миразидің «Бір беттік кітап» туындысын оқитын болады. Әр беті жеке ойға, жаңа оқиғаға толы бұл кітап жас оқырмандардың қиялын дамытып, ой өрісін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді. Рухани құндылықтар, МЕЙІРІМ; ДОСТЫҚ; ЖАНАШЫРЛЫҚ, МЕЙІРІМДІЛІК, АР-ҰЯТ тақырыбындағы бұл шығарма оқушыларға тәрбиелік бағыт беретіні анық.
Жоба нәтижесінде тест пен мазмұндық тапсырмалар арқылы өз білімін көрсетіп, эссе жазып, белсенді оқырмандар ақтық сайыста бақ сынайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталып, ерекше көзге түскен балаларға бағалы сыйлықтар табысталады. ЖОБА БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ ҮШІН БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР!!!
Балалар үшін пайдалы әдет қалыптастыратын, оқу мәдениетін нығайтатын бұл жобаның қызықты сәттерімен алдағы уақытта бөлісіп отырамыз.
✨ Кітап оқыған бала – кемел болашақтың иесі!
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!





