1

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында жүзеге асып жатқан “BALA BOOK” – 20 минуттық кітап оқу « жобасының екінші кезеңі сәтті өтті.

ІІ тур аясында оқушылар Меһди Миразидің «Бір беттік кітап» шығармасы бойынша тест тапсырмаларын орындап, оқыған мәтінді түсіну деңгейін, зейінін және логикалық ойлау қабілетін көрсетті.

Тест барысында балалар кітаптағы оқиғалар мен кейіпкерлерді терең меңгергенін, әр беттегі ойды саралай алатынын дәлелдеді. Бұл кезең оқушылардың тек оқып қана қоймай, мазмұнын ұғына отырып талдай алатынын көрсетті.

Алда жобаның 3-ші кезеңі күтіп тұр. Ең белсенді әрі зерек оқырмандар анықталып, ақтық кезеңге жолдама алады. Тестілеуге 7-9-сынып оқушыларынан 246 оқушы қатысты.

✨ Оқу – ойды шыңдайды, кітап – тұлға қалыптастырады!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner