
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында жүзеге асып жатқан «BALA BOOK» – 20 минуттық кітап оқу жобасы аясында кезекті маңызды кезең — эссе жазу туры сәтті өтті. Бұл турға тест тапсырған 247 оқушыдан 20-25 ұпай жинаған 27 оқушы қатысты.
Бұл кезеңде оқушылар Меһди Миразидің «Бір беттік кітап» шығармасы бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, кітаптан алған әсерін, өмірлік сабақтарын, жеке көзқарасын еркін жеткізе білді.
Эссе тақырыптары мазмұнды талдауға, ой толғауға және шығармашылық қиялды дамытуға бағытталды.
Оқушылардың жұмыстары 10 балдық жүйе бойынша бағаланып, тақырыпты ашуы, ой жүйелілігі, жеке көзқарасы мен тіл мәдениетіне ерекше назар аударылды.
Эссе туры балалардың тек оқырман ғана емес, ойлайтын, талдайтын, өз пікірін білдіре алатын тұлға екенін көрсетті.
Алда жобаның қорытынды кезеңі күтіп тұр.
Ең үздік оқырмандар мен шығармашыл қатысушылар анықталып, марапатталады.
Кітап оқыған бала – ойы терең, сөзі мәнді тұлға!





