1

Бүгін орталық демалушылары облысымыздың үздік оқушылары, «Ғылыми жоба» сайысының жеңімпаздары Төлеби ауданы Ленгер қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жансұлтан Төребек пен Төлеби ауданы, Алатау жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тұрғынбек Айзеремен кездесті. Кездесу «Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбы аясында өтті. Оқушыларымыз өздерінің ғылыми жобаларымен таныстырып, зерттеу жолдарын түсіндірді.
Жансұлтан Төребек ерекше робот ойлап тапты. Оқушы қымыз құятын робот жасап шығарды «Асылбек» деген есім беріпті. Бұл тың идеяны информатика пәнінің ұстазы Лаура Жақсыбекқызының көмегімен жүзеге асты. Облыста өткен жарыста бірінші орынға иеленді.
Тұрғынбек Айзере Қонаев қаласында өтілген «Балдәурен білгірі - 2022» III –республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметті жобалар байқауында бас жүлдеге иеленді.
Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Қошанова Ақерке Қадырқұлызы. Балдәурендіктер мен жас ғалымдарымыз өзара пікір алмасып кездесудің сәнін кіргізді. Елдің ертеңі болар жас ұрпақтарымыз көбейе берсін!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner