1

Бүгін орталығымызда «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық шоу болып өтті. Жалпы сайысымыз бес кезеңнен тұрды. Іріктелген он оқушыға Кахут бағдарламасы бойынша тест сұрағы беріледі. Сұраққа тез әрі дұрыс жауап берген оқушы негізгі ойынға қатысуға жолдама алды.

Негізгі ойынның ережесі: Әр түрлі деңгейдегі 12 сұрақ беріледі. Ойын үш деңгейден тұрады. Әр деңгей төрт сұрақтан оқылады. Бірінші деңгейдің төрт сұрағына жауап берген оқушы бес жүз теңге алатын болады. Төрт сұрақтан кейінгі қойылатын сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайда алынған сома күймейді. Барлық деңгейден өткен оқушы 1500 теңге иеленеді. Негізгі ойында қатысушыға жеңілдіктер қарастырылған. Бірінші жеңілдік «50 де 50». Екінші жеңілдік «досыңа қоңырау шалу». Үшінші жеңілдік «залдың көмегі».

         Оқушыларға дайындалған сұрақтар Қазақстанның тәуелсіздік алғалы өткен айтулы оқиғалар мен жеткен жетістіктері жайында болды. Оқушыларымыз ойынға қатысу арқылы тарихымызға бір шолу жасады.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner