1

Ашылу салтанаты орталықтың ең негізгі іс-шарасы. Ауысым «Қайсар ұрпақ» әскери-патриоттық клубтарының форумы деп аталынды. Сахналық қойылым қойылып, әсем ән шырқалды. Сұлу қыздарымыз мың бұралып би билеп, сахнаның көркін келтірді. Орталықтың директоры Босымбаев Дәурен Әбдікәрімұлы оқушыларға тілек айтып, ауысымға сәттілік тіледі. Кешегі өткен «Сенім» ұйымының президентін анықталды. 6-ауысымның «Сенім» ұйымының президенті болып 8-топ демалушысы Жайық Ельжан 48,7 % дауыс жинап, ауысым президенті атанды. Осылайша барлық оқушыларымыз нағыз «Балдәурендіктер» атанды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner