1

«Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікір-сайысшылар онлайн лигасы

«Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікір-сайысшылар онлайн лигасы болып өтті. Мақсаты: оқушыларға шешендік және пікірталас ережелерін үйрете отырып, коммуникативтік және қоғамдық жағдайларға баға беруге дағдыландыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту арқылы пікір-сайыс қозғалысын насихаттау, басқа да пікір-сайысшылар клубымен байланыста болу. 
Орталыққа қонаққа Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің «Жастар» ісі жөніндегі бөлім басшысы - Әлібек Бексейт Әшірбекұлы және де 2 курс студенттері Жанғалиқызы Ұлжан, Ахматходжаев Фуркат, Қалдыбай Ару келіп, төрешілік етті. Онлайн, «ZOOM» платформасында Жансерік Жұман - Түркістан облыстық «Jas Otan» ЖҚ филиалының төрағасы мен Рахат Арғынбай - «Қазақстан-Шымкент» телеарна журналисті қатысты. Оқушыларға төмендегі тақырыптар ұсынылып, өзара пікір-сайысқа түсті.  
1. «БП Қашықтықтан оқытудың пайдасынан зияны көп деп есептейді».
2. «БП Электронды кітап дәстүрлі кітапты алмастыра алады деп есептейді».
Екі ойын барысында жеңген команда - «БП Ата-аналардың өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді» тақырыптары  аясында финалдық ойынға қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысынан келген демалушыларымыз Қайрат Сабина мен Есенасанова Гаухар жеңіске жетті. Барлық оқушылар сертификаттармен марапатталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner